+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

КВИ жұқтырғандардың саны ресми деректен көп болуы мүмкін – Цой

2020 жылғы 7 шілде 13:22
Бөлісіңіз:
КВИ жұқтырғандардың саны ресми деректен көп болуы мүмкін – Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүкіл халықты ПТР-тестіден өткізу туралы жоспар жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы біздің статистика коронавирус инфекциясы бойынша ПТР-тестілер арқылы расталған ресми мәліметтерге негізделген. Мұны түсінудің маңызы зор. Әлбетте, бұл жағдайлар көп болуы мүмкін (жұқтыру жағдайлары туралы). Алайда, қолдағы ресурстарды пайдалану үшін ПТР-тестілерге үлкен басымдық беріледі», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство басшысы дегенмен, бүкіл халықты тестіден өткізу жоспары жоқтығын жеткізді.

«Пациент жұқтырған топқа жата ма, жоқ әлде онда пневмония ма – оны қалай ажыратуға болады? Бізге ең алдымен мақсатты топтарды тестіден өткізген дұрыс? Себебі, егер ауру белгілері болмаса пациент үйінде 14 күн жатып, бақылауда бола алады. Яғни біз ең бірінші кезекте, көмекке мұқтаж адамдарға басымдық беріп отырмыз», - деді Алексей Цой.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT