+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

КВИ-мен ауырған адамда өзге де вирустардың белсенділігі артқан

2020 жылғы 29 қазан 12:41
Бөлісіңіз:
КВИ-мен ауырған адамда өзге де вирустардың белсенділігі артқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавируспен ауырған адамдардың жүйке жүйесі сыр бере бастаған. Оның үстіне науқастардың 80 пайызында Д дәрумені жетіспейді, деп хабарлайды «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы.

Ұқсас жаңалықтар
Дубайдан ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус табылды Коронавирус: Бір тәулікте Теңіз кенішіндегі науқастар 81 адамға көбейді COVID-19-ға қарсы вакцина: Әлемдегі жағдай қандай

Мамандар жүргізген талдау нәтижесінде ағзадағы өзге де вирустардың белсенділігі артқан. Әсіресе, ұйқы безі, қан қысымы, бүйрек, асқазан аурулары сияқты науқаста бұрын-соңды болмаған асқынулар байқалды. Бұл небәрі 50 адамға жүргізілген талдаудың бастапқы нәтижесі. Осы постковидтік синдромды зерттеу жобасын жуырда ұлттық кардиохирургия орталығының мамандары қолға алған еді.

Постковидтік жоба арқылы диагностикадан өтіп жүргендердің бірі Айнагүл Жүсіпова. Коронавирусты 4 ай бұрын жұқтырған. Салдарын әлі көріп жүр. Вирустан кейін басқа ауру түрлері асқынып кеткен. Бұрын мүлде болмаған қан қысымы жиі көтеріліп, жүйкесі сыр беріп, ұйқысыздық мазалайды.

«Коронавирустан кейін асқазаным ауырды. Асқазанымнан кейін давлениям көтерілді. Кейін қорқыныш стресс пайда болды. Қазір мені мазалайтын ұйқысыздық. Қобалжу. Енді сол аурулар бойынша ем қабылдап жатырмын», - дейді қала тұрғыны Айнагүл Жүсіпова.

Жобаға қатысуға 50-ге жуық адам ниет білдірген. Тексерудің алғашқы кезеңінің нәтижесіне сәйкес, денеде герпес, цитомегаловирус, Эпштейн Барр вирустарының белсенділігі артқаны анықталды. Бұл - қан құрылымы мен ішкі органдарды зақымдайтын зиянды вирустар. Салдарынан артериялды гипертензия, бүйрек, асқазан-ішек жолдарының ауруы, ұйқы безі, созылмалы аурулар асқынған. Әсіресе, жүйке жүйесі ауруларына шағым көп.

«Коронавирустен қорқу, жағымсыз жаңалықтарды жақын қабылдау, өліп қалам ба деген уайым. Мұның бәрі миға жиналып, көп адамдарда жүйке аурулары пайда болған. Ұйқысыздық, шаршау, стреске берілудің салдарынан ағзада өзге аурулардың асқынуы байқалып жатыр», - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының психотерапевті Ғалия Мұқатаева.

Ауруы асқынған пациенттердің ең жасы 30-да. Ұйқысыздық пен әлсіздікке шағымданған. Ал ең үлкені 83-тегі қария. Ол созылмалы ауруы сыр бергенін айтады. Арнайы жасақталған дәрігерлік құрам осы науқастарға тиісті емшара жүргізбек.

«Жобаның негізгі мақсаты - науқастардың денсаулығын оңалту. Қазір науқастардан клиникалық, биохимиялық анализдер алып, қан құрылымын зерттеп, ағзадағы вирустың концентрациясын анықтап, патогенді флораны тексерудеміз. Сол нәтижелер арқылы індеттің салдарына зерттеу жүргізіп, анализ жасап, емдеу механизмін меңгеруді көздейміз», - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы «Постковидтік синдром» жобасының зерттеуші-дәрігері Айнұр Тәуекелова.

Постковидтік синдромды зерттеу шетелде бар тәжірибе. Ғылыми жобаны елордадағы ұлттық кардиохирургиялық орталығы да ұсынып, бірнеше медициналық мекеме қолдау танытқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT