КВИ: Қазақстанға 15 маусым күні келген жолаушылардың барлығында анықтама болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 15 маусымында Қазақстанға БАӘ, Мысыр, Грузия, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, өткен тәулікте барлығы 4 799 авиажолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 201 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 124 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 455 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 5 рейс, 630 жолаушы,

Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 198 жолаушы.

Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 191 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар