КВИ індетіне қарсы күрес: Қазақстанда қосымша дәрі-дәрмек қоры құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирус жұқтырған адамдардың көбеюіне байланысты «СК-Фармация» АҚ қосымша дәрі-дәрмек қорын құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан коронавирус жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты біз өз тарапымыздан қосымша қор даярлап жатырмыз. Ең біріншіден ол қордағы дәрі-дәрмекті отандық өндірушілер өндіреді. Яғни ең бірінші кезекте бұл қор отандық өндірушілердің өнімімен қалыптасады. Қазір 2,7 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі бірыңғай дистрибьютордың еліміздегі қоймасына жеткізілді. Келген ұсыныстардың бәрі бойынша жұмыс жүргізуге тырысамыз», - деді «СК-Фармация» АҚ Басқарма төрағасы Берік Шәріп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Берік Шәріп медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек қалай жеткізіліп жатқанын айтып берген болатын.



Соңғы жаңалықтар