КВИ белгісі байқалған жағдайда антибиотик ішуге бола ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі. Яғни бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталған жағдайда ғана қолданылады», - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Людмила Бюрабекова сонымен бірге коронавирус белгілері анықталған жағдайда азаматтарды өз бетінше емделмеуге шақырды.

Еске сала кетсек, Людмила Бюрабекова бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу хаттамасына жаңа схема енгізілгенін мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар