КВИ: Ақмола облысының түзеу мекемесіндегі сотталғандарға вакцина салынып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцина ағзаны вируспен күреске дайындайды, бүгінде мұны бәрі түсінеді. Біздің түзету мекемеде жазасын өтеп жатқандар да вакцина алуға өздері өтініш берді. Әрине, бұған дейін үлкен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - дейді ЕЦ-166/24 мекемесінің бастығы Нұрлан Әлібеков.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Горнованың айтуынша, «Спутник-V» вакцинасын еріктілер ғана алды. Вакцинаның алғашқы легі сотталғандардың 50 пайызына салынды. Қалғандарына тағы салынатын болады.

«Әлеуметтік желілер көптеген негативті ақпараттарды таратады, қазір олардың қызметін бақылау туралы мәселе заңнамалық деңгейде қарастырылып жатқандығы қуантады. Біздің колония бастығы мен қызметкерлерінің барлығы вакцина алды. Сол себепті, менде отбасыммен ақылдаса келе, өзімді және туыстарымды қауіпті індеттен қорғау үшін вакцина алу қажет деп шештім. Екі күн өтті, денсаулығым жақсы. Вакцина алғандардың барлығының жағдай жақсы. Бізге осындай қаморлық көрсетіп жатқан мемлекетімізге алғысымыз шексіз»,-дейді жазасын өтеп жатқан Руслан.


Соңғы жаңалықтар