Квазимемлекеттік ұйымдардың қайсысында қоғамдық кеңестер құрылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ұлттық компаниялардың қайсысында қоғамдық кеңестер жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңнамадағы бұл жаңалшылдық биыл енгізілген болатын. Бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектордың 12 субьектісінде қоғамдық кеңестер құрылды. Менде тізімі бар. Ұлттық компаниялардың ішінде Kazakh Invest, Қазақстан ғарыш сапары», KazakhExport, QazExpoCongress, «Қазгеология», «Азық-түлік корпорациясы», Kazakh Tourism, «ҚазАвтоЖол» және «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ бар. Сондай-ақ, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ, «Зерде» және Kazakhstan Engineering ұлттық компаниялары қоғамдық кеңестерін құрды», - деген министрлік өкілі жыл аяғына дейін тағы бірнеше квазимемлекеттік кәсіпорын жанынан осындай кеңес ашылатынын жеткізді.

«Жылдың аяғына дейін «Самұрық Қазына» қлттық әл-ауқат қорының жанынан қоғамдық кеңес ашылады. Оның да бірнеше ірі ұлттық компанияның біріктіретін құрылым екенін өздеріңіз білесіздер» - еді Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов.


Соңғы жаңалықтар