Квазимемлекеттік сектордың экспорттық валюта түсімінің бір бөлігі сатылатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігі сатылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес ұлттық валютаның айырбастау бағамын тұрақтандыру мақсатында Үкімет квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін ішкі валюта нарығында сату туралы шешім қабылдады.

«Аталған шешім жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын экспорттаушы кәсіпорындарға, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниясына қолданылады және төтенше жағдай кезеңінде қолданыста болады. Үкімет және Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргізу мақсатында үйлестірілген жұмысын жалғастырады» делінген хабарламада.

Қабылданатын шаралар айырбастау бағамын тұрақтандыруға, валюта ұсынысын қамтамасыз етуге, негізсіз құбылмалылықты болдырмауға бағытталған және іргелі үрдісті қалыптастыруға кедергі келтірмейді.


Соңғы жаңалықтар