Квазимемлекеттік сектордың бюджет қаржысын жұмсауына бақылау күшейе түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Квазимемлекеттік сектордың бюджет қаржысын жұмсауына бақылау күшейе түседі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша баяндама жасаған Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, былтырғы жылы бюджетті атқару барысында квазимемлекеттік секторға да үлкен назар аударылды. «Атап айтқанда, осы сектордан депозиттерге қаражат орналастыру үнемі проблема туғызып келді. Осыған орай, 2013 жыл бойы капиталға және мемлекеттік тапсырысқа бөлінген квазимемлекеттік сектор қаражаты Қазынашылықтың шотында орналасты. Бұл бюджет қаражатына талдау жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Б. Сұлтанов.

Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы да бақылау айтарлықтай күшейтіліп отыр. «Енді квазимемлекеттік секторға қаражат орындалған жұмыстардың актілері болған кезде ғана бөлінеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды бағалау қағидалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару бойынша мемлекеттік органдарды бағалау көзделген. Бағалау өлшемдерінің бірі болып залалды ұйымдар санын төмендету көрсеткіші айқындалып отыр. Жалпы, квазимемлекеттік сектордың бюджет қаражатын пайдалану бөлігінде қаржылық бақылау органының бақылауымен қамтылып келеді. Осындай тексерулер нәтижелері бойынша 2013 жылы 79 лауазымды тұлғаға қатысты 9 млн. теңге сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар