Квазимемлекеттік секторда 13 қоғамдық кеңес құрылады
«Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Барлық 13 қоғамдық кеңестің қызметі квазимемлекеттік сектоа құрылатын болады және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іші резервтері есебінен қаржыландырылады», - деді Болат Тілепов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Осы орайда вице-министр қоғамдық кеңестер қандай ұйымдарда құрылатындығын нақты атады.
«Менде квазимемлекеттік секторда құрылатын осы 13 субъектінің тізімі бар. Олар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тан бастап «Бәйтерек» холдингі, «Зерде» холдингі, «Азы-түлік келісімшарт корпорациясы», «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясы, «Қазгеология», «QazExpoCongres», «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Kazakh Invest», «Kazakh export», «Kazakh Tourism компаниясына дейін», - деді ол.