Квазимемлекеттік сектор бюджет қаражатын тиімді пайдаланбай отыр - Мәжіліс

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Жарғылық капиталдарын толтыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне республикалық бюджеттен аз қаражат бөлініп отырған жоқ. 2012 жылы 361,7 млрд теңге бөлінді.

Алайда, бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын тиімді деп айтуға келмейді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау барысында мәлім болды.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 21 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер немесе олардың 31 пайызы қызметін шығынмен аяқтаған. Шығынның жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгені құраған. 10 республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен 31 мекеме өздерінің қаржылық шаруашылық қызметін шығынмен аяқтаған. Шығынның жалпы сомасы 227,5 млн. теңгені және 1,3 млрд. теңгені құрады. «Келтірілген деректер бюджет қаражатының ұтымсыз пайдаланылғанын, мемлекет активтерінің тиімсіз басқарылғанын қуаттайды», делінген қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында.

Соңғы жаңалықтар