Құзырлы органдар экс-президенттің мүлкі заңсыз келген деп таныса шара қолдана алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы туралы Конституциялық заң күшін жойғаннан кейін Назарбаев қоры мен мүліктеріне қатысты шаралар қабылдана ма?» деп сұрады журналистер.

Министрдің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың ендігі мәртебесі экс-президент болатындықтан ол Президент туралы заңмен қорғалады.

Бірақ аталған заңда экс-президенттердің мүлкіне қол сұқпау кепілдігі жоқ.

«Президент туралы конституциялық заңда экс-президенттер үшін ондай кепілдіктер көзделмеген. Егер құқық қорғау органдары мүлік заңсыз рәсімделген деп мойындаса, заңдық шаралар қаралады», - деді Азамат Есқараев.


Соңғы жаңалықтар