Құзырлы орган ақмолалық компанияға жарты жылдан астам уақыт аккредитация бермеген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті ақмолалық компанияға жарты жылдан астам уақыт бойы аккредитация бермей келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, «Кокшестрой Технадзор» ЖШС техникалық қадағалау бойынша инжиниринг қызмет көрсету үшін 7 ай бойы аккредитация ала алмай жүрген, ал Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бұл шешімді түрлі себептермен созуға тұрысқан.

«Қарапайым ғана шаруаның осынша сағыздай созылатын күтпеген «Кокшестрой Технадзор» ЖШС өкілдері амалсыздан Ақмола облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінген. «Кокшестрой Технадзор» ЖШС өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың шілде айында компания сол кездегі ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты (қазіргі кезде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі) Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін аккредитация алу үшін өтініш берген. Алайда, мемлекеттік орган «Кокшестрой Технадзор» ЖШС бұл өтінішін қабыл алмаған.

Бекітілген ережеге сай сай аккредитация берген кездегі басты талап, ұйым штаты құрамында техникалық қадағалуды жүргізетін аттестациялаудан өткен сарапшы саны үш адамнан кем болмауы тиіс. «Кокшестрой Технадзор» ЖШС бұл талапқа сай келді. Дегенмен, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің лауазымды тұлғаларының пікірі бойынша компания ұсынған сарапшылардың екеуі өзге аккредиттелген ұйыммен еңбек шартында тұрған», дейді Ақмола облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіндегілер.

Палата сарапшылары өз кезегінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне құжаттар туралы кеңейтілген мәлімет берді. Онда аттестациялаудан өткен сарапшылардың тек «Кокшестрой Технадзор» ЖШС штатында тұрғаны расталып отыр.

«Осыған байланысты, палата өткен жылы екі рет (2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында) ведомствоға жоғарыда айтқан дәлелдерді көрсетіп, өтініш жасаған. Нәтижесінде өткен жылдың 28 желтоқсанында ғана Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті құжаттарды соңғы рет қарау барысында аккредиттеу комиссиясының шешімімен өтініш беруші компанияға аккредитацияланғаны туралы куәлік берген. Бұл өзгерістер мемлекеттік органның сайтында жарияланған, аккредитацияланған ұйымдардың тізіліміне енгізілді», деп толықтырды Ақмола облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіндегілер.

«Кокшестрой Технадзор» ЖШС өкілдері аккредитациялау туралы куәліктің алғанын растап, Ақмола облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшыларының атына Алғыс хат жолдады.

Соңғы жаңалықтар