Құжатына жалған мөр бастырып алған 4 өзбекстандық ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарашылары жалған мөр басылған құжаттармен мемлекеттік шекарадан өтпек болған төрт Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат шекара қызметіне сілтеме жасап.

Жалған мөрмен ұстау дерегінің бірін «Астана» шекаралық бақылау жасағының шекарашылары жүзеге асырды. «Нұр-Сұлтан-Ташкент» бағытындағы HY-722 әуе рейсінен көші-қон полиция бөлімінің жалған мөрін басып, тіркеуді 2019 жылдың 13 мамырына дейін ұзартып алған 1996 жылғы өзбекстандық ұсталды.

«Еліне қайтып бара жатқан тағы үш Өзбекстан азаматы Сарыағаш шекара жасағының «Жібек жолы-авто» бөлімшесінде қолға түсті. Олардың құжаттарына Алматы облысы бойынша көші-қон полициясының қолдан жасалған мөрі басылыпты» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар