Құжаттарды тексермек болған полиция қызметкерін жүргізуші атып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннесси штатындағы Мемфис қаласында белгісіз жүргізушіні құжаттарын тексеру мақсатымен тоқтатқан полиция қызметкеріне оқ атылды, деп хабарлайды Associated Press.

Полиция өкілі Тони Армстронгтың айтуынша, жәбірленген тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан қаза тапты.

Қазіргі кезде болған оқиғаның мән-жайлары анықталып, адам өлтіруде күдіктіні іздеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар