Күзге дейін Алматыда бірқатар көше жөндеуге жабылады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 30 тамызға дейін бірнеше көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 10 мамырдан 30 тамызға дейін Алматыда жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты бірнеше көше бойынша автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі:

- Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін) өтетін жол жабылады;

- Бостандық ауданында қозғалыс Ганди көшесімен («Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) тоқтатылады.

«Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрады.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар