+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Күзетшіні байлап тастаған: Ақмола облысында кеңседен 23 млн теңге ұрланды

2020 жылғы 25 қазан 16:06
Бөлісіңіз:
Күзетшіні байлап тастаған: Ақмола облысында кеңседен 23 млн теңге ұрланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қарақшы парфюмерия сататын ЖШС-ның күзетшісін байлап, сейфтен 23 миллион теңге алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қылмыс қазанның 23-де түнгі сағат 03:50 Көкшетау қаласында жасалған. Бұл туралы Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне дабыл сигналы іске қосылған «Алтын Раушан» ЖШС-ның күзетші-операторы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы күзетшіні байлаулы күйде тапқан.

ЖШС парфюмерия өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысады.

«Анықталғандай, маска киген бейтаныс ер адам ЖШС директоры кабинетінің терезесін бұзу арқылы кеңсенің ішіне кірген. Артынша, бухғалтердің бөлмесіне еніп, металл сейфті бұзып, ондағы 23 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен», - дейді ведомстводан.

Осыған байланысты полиция ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі «қарақшылық» бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сонымен бірге, ауыр қылмысты анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Оған Ақмола облыстық ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин өзі жетекшілік етті.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында қазанның 24-де елорда маңында Зеренді ауданының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан 22 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп толықтырды ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT