Күзетші ІІ Елизаветаны атып тастай жаздады - БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түнде ұйқысы қашып, Букингем сарайы маңында серуендеп жүрген патшайым ІІ Елизаветаны өз күзетшісі атып тастауға шақ қалды, деп жазды Independent газеті.   

Бұл оқиға жайлы бұрынғы қарауылы айтты. Бір күні түн ауа ол ішкі сарай маңын күзетіп жүріп, қараңғыда бір көлеңкені байқап қалады. Ол: «Кім бұл?» деп айғайлайды. Қараңғыда келе жатқан патшайым ІІ Елизавета болып шықты, деген басылымның сөзін келтірді РИА Новости.

 «Құрып кеткір, жоғары мәртебелім, сізді атып тастай жаздадым» - деген күзетшінің сөзін келтіреді басылым. «Ештеңе етпейді. Келесі жолы алдын ала хабардар етемін, сол кезде маған оқ кеземейтін боласың», - деп жауап берді патшайым.

Оқиғаның қай уақытта болғаны айтылмайды. Газеттің деректеріне сәйкес, патшайым үстіне пальто киіп, аздап серуендеп қайтуға шыққан.

Соңғы жаңалықтар