Күздің алғашқы күндері күн суытып, жаңбыр жауады - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 3-5 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстік жартысына жаңбыр мен суықты ала келген циклон алдағы үш тәулікте де республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарына өз ықпалын тигізеді. Ал циклонға байланысты суық атмосфералық фронттар оңтүстік, содан соң оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарға қарай жылжиды. Циклон және фронттардың әсерінен республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік облыстарда температура төмендеп, ал солтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан 3-6°С төмен болады.

Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық өңірлерінің жекелеген аудандарында түнгі уақыттарда 1...3°С үсік жүруі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар