Күзден бері 17 мың оқушы мен студент қаржылық сауаттылық бойынша дәріс алған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы оқу жылында елдегі 300-ге жуық мектеп пен 34 жоғары оқу орнының, 40 колледждің 17 мың шәкірті қаржылық сауаттылық бойынша дәріс алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы оқу жылында мектептер мен университеттерде Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменттеріндегі қызметкерлер алғаш рет «Қаржылық қауіпсіздік» дәрістерін өткізіп, жастарға қаржылық қылмыс саласындағы ең өзекті қоғамдық мәселелерді таныстырды.

Оқу жылының басынан бері 17 мыңға жуық оқушы мен студент қамтылды, олардың ішінде 300-ге жуық мектеп, 34 жоғары оқу орны, 40 колледж бар. Оқу жылында қаржылық қылмыс түрлері мен тәсілдері туралы, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды, блокчейндер мен криптовалюталарды қолдану арқылы тақырыптық сабақтар сериясы жоспарланған», - деді Қаржы мониторингі агенттігінің кадрлық жұмыс департаментінің директоры Нұрлан Адалиев.

Оның пайымынша, осындай іс-шаралар арқылы үлкен өмірге қадам басатын жас қазақстандықтар экономикалық және қаржылық қауіпсіздік саласында аса қажетті тәжірибе жинайды.


Соңғы жаңалықтар