Күзде жылдағыдай көмір тапшылығы болмауы тиіс – ШҚО әкімі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көмір тапшылығын болдырмас үшін қазірден бастап дайындалуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын күз келгенде өңір тұрғындары арасында көмір алу әлегі басталады. Әсіресе, Өскеменде көмір сатылатын нүктелерде ұзын-сонар кезек қалыптасады. Облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл мәселені шешу қажеттігі жайлы айтты.

«Көмір сатып алуға қазірден бастап кірісу керек. Тұйық жолдарға көмір жеткізудің нақты кестесі бекітілуі тиіс. Бүгінде Өскемендегі қоймаларда 5 тонна көмір қоры бар. Барлық әлеуметтік нысанға, яғни мектептер, ауруханалар мен қазандықтарға қазірдің өзінде көмір сатып алынуы қажет. Тиісті қаражат бөлініп те қойған», - деді әкім.

Айтуынша, қала мен аудан әкімдерінің бірінші кезектегі міндеті – көмір тұйықтарының жағдайын тексеру.

«Бұл мәселе үнемі өз бақылауымда болады. Тамыз айында облыстағы барлық әлеуметтік нысан көмірмен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар