Күзде Үкіметтің есебін тыңдаймыз - Мәулен Әшімбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Үкіметтің есеп беретіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы күзде партия Төрағасының тапсырмасы бойынша Үкіметтің есебі болады. Партияның алдында. Өйткені өздерінің білесіздер, Үкіметтің жасақталуына партия тікелей араласты. Сайлауда жеңіске жеткен партия ретінде Үкіметпен тығыз жұмыс істеудеміз. Сондықтан осы күзде әлеуметтік салаға, экономикаға, басқа да салаларға қатысты Үкіметтің есебін тыңдаймыз. Сонда олар партияның сайлауалды бағдарламасының, партия Төрағасының тапсырмалары қалай орындалып жатқаны туралы ақпарат береді», - деді М.Әшімбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Үкімет есебін тыңдау форматы анықталады.

«Қазір біз форматын талқылаудамыз. Үкіметтің кеңейтілген отырысы бола ма, партиядағы үлкен жиналыс бола ма, біз ол форматты Үкіметпен бірге пысықтап, күз айларында осындай үлкен жиын өткіземіз. Сол жерде барлық проблемаларды көтеріп, өзіміздің нақты ойларымызды, ұсыныстарымызды беруге дайындалып жатырмыз», - деп атап көрсетті М.Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар