Күзде Қазақстан мен Ресей әскери полигонындарында оқу-жаттығу өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД елдері қарулы күштері штабтарының бастықтары 2025 жылға дейінгі әскери ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің бірінші орындасары - Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД мүше елдердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына қатысты.

Отырыста көпжақты әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды. Қатысушылар әлемдегі әскери-саяси ахуал мен оның Достастық елдеріне әсерін талдап, 2025 жылға дейінгі Әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша шаралар легі талқыланды. Бұл елдердің келешектегі өзара іс-қимыл айқындайды.

Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов практикалық тәжірибе алмасудың, ынтымақтастық негізінде әскери саладағы өзара іс-қимылдың бірлескен жүйелерді дамытудың маңызын атап өтті. Оның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріккен жүйесі, мемлекеттік радиолокациялық танудың бірыңғай жүйесі, әскери авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпарат алмасу жүйесі секілді мәселелер бар. Бұл ретте оқу-жаттығу ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Ресейдің әскери полигондарында өтетіні белгілі болды.

«Жауынгерлік бауырластық 2021» бірлескен оқу-жаттығуын талқылау барысында қазақстандық тарап бүгінгі күні ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесі – әскери ынтымақтастық аясында интеграциялық процестің ең маңызды жетістіктерінің бірі екенін атап өтті.

Талқылауға арқау болған тақырыптардың бірі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің COVID-19 таралуына қарсы күреске қатысу тәжірибесі. Қазақстанда бұл бөлімшелер әлеуметтік маңызы бар және карантиндік объектілерді, адамдар көп жиналатын орындарды, блокпостарды, Қарулы Күштер объектілерін, қалалардың және мемлекеттік әкімшілік объектілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді, жаяу жүргіншілер аймақтары мен жол учаскелерін өңдеу үшін қолданылды.

Бұдан бөлек, қатысушылар 2022 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларды, әуе-ғарыштық қорғаныс жүйесін құру саласындағы зерттеулерді және авиацияның ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талқылады.

ТМД нормативтік құқықтық базасын жетілдіру маңызды мәселенің бірі болып қала береді. Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы жақын арада Қазақстан Парламентінің қарауына енгізілетін болады. Аталған заңның күшіне енуі оларды жаңғырту негізінде әскери байланыс жүйелерін, кешендері мен құралдарын неғұрлым тиімді дамытуға, үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Отырыс барысында қабылданған шешімдер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалпы және ұлттық мүдделерін ескере отырып, көпжақты әскери ынтымақтастық жүйесін дамытуға бағытталғанын атап өткен жөн.


Соңғы жаңалықтар