+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Күзде де карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін - Денсаулық министрлігі

2020 жылғы 19 мамыр 16:22
Бөлісіңіз:
Күзде де карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін - Денсаулық министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында күзде коронавирустың екінші толқыны болатындығы туралы пікірлерге қатысты сұрақ қойылды. Бұл тұрғыда кәсіпорындардың жұмысына шектеу енгізу мүмкіндігі жайында сұралды.


«Шынымен де күзде біз вирустың екінші толқыны келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Алайда күзде қабылданатын шаралар жағдайға қарай іске асырылады, яғни сол кездегі эпидемиологиялық ахуал назарға алынады. Күзде қандай да бір карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін, бұл қадамдар індеттің таралуы қаупіне байланысты болады», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көбжасаров коронавирустың екінші толқыны қай кезде келуі мүмкін екенін айтты.

«Індет жұқтыру көрсеткіштері артуының екінші кезеңі күз мерзімінің екінші бөлігіне келуі мүмкін. Ел халқы вирустың бар екенін ұмытпауы керек. Бұл індет барша әлемде толықтай жойылмады. Кейбір адамдарда бұл ауру ешбір белгілерсіз болады, кейіннен бұл инфекция ағзасы індетке сезімтал кісілерге жұғуы мүмкін», - деді Д. Көбжасаров онлайн тәртіпте өткен брифингте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT