Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Күйік шалған талғарлық балаға Кореяда ота жасалатын күн белгілі болды

2018 жылғы 12 ақпан 15:52 1200
Бөлісіңіз:
Күйік шалған талғарлық балаға Кореяда ота жасалатын күн белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күйік шалған 7 жастағы талғарлық балаға Оңтүстік Корея дәрігерлері 18 ақпанда ота жасайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Менингокок жұқпасынан екпе алу міндетті емес - дәрігерлер Алматыда менингит эпидемиясы жоқ - мамандар

7 жастағы Николай отаға бір күн қалғанда әкімдік бөлген медбикемен бірге Оңтүстік Кореяның Сеул қаласына аттанады.

«Ота 18 ақпанға белгіленді. Шетелдік дәрігерлер операция 9 сағатқа созылады деп жоспарлап отыр. Бұл өте танымал күйік орталығы. Мамандары білікті. Ханган Сан Сим мамандары балаға жасанды тері жапсырады, бұлшық еттерін қалпына келтіреді. Бүлдіршінге 3 рет наркоз салмау үшін бірден кеуде тұсына ота жасауды қолға алмақ», - деді «Дом» қайырымдылық үйінің директоры Аружан Саин.

Бұдан бұрын жазғанымыздай күрделі ота 70 мың АҚШ долларына бағаланып отыр.

Бұл сомаға баланың мойын, бет, иық тұстарындағы жиырылған тері алынып, орнына коллагені бар жасанды тері жапсырылатын болады.

Қазір бүлдіршін «Ковчег» балалар үйінде тұрып жатыр.

Айта кету керек, Талғар ауданының 7 жастағы тұрғыны Николайдың тағдыры туралы ең алғаш Аружан Саин дабыл қақты.

Кейінірек бұл істі Алматы облыстық әкімдігі жіті бақылауына алды. Белгілі болғандай, баланың анасы ішімдікке салынып кеткен. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, қазір анасы мәжбүрлі түрде емделіп жатыр. Оны аналық құқығынан айыру ісі әкімшілік соттың қарауында.

Қайырымды қазақстандықтар баланың емделуіне 3 852 411 теңге жинап берсе, «Самұрық Қазына Траст» компаниясы 30 000 АҚШ долларын аударды. Қалған 28 150 АҚШ долларын белгісіз компания аударған.

 

 


Басты сөздер: Алматы облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат