Күйік шалған ағайындылар оқиғасы: полиция қылмыстық іс қозғады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері Бұланды ауданында өзін-өзі өртеп жібермек болған ағайындылардың оқиғасына қатысты «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облысының ІІД қызметкерлері аурханаға денелері күйіп түскен Макинск қаласының тұрғындары -  23 және 16 жастағы ағайындылардың оқиғасына қатысты тексеріс жүргізуде. Анықталғандай 23 жастағы зардап шегушінің суицид жасау кезінде денесі күйген. Ал, екіншісі (зардап шеккеннің інісі) оған көмек көрсету кезінде күйіп қалды», деп түсіндірді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиға байланысты ҚР ҚК 105 бабының 1  бөлігі бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай Ақмола облысында ағалы-інілі екі жігіт денелерін күйік шалып аурханаға жатқызылған болатын.

Соңғы жаңалықтар