«Күйеуіңді түрмеден шығарамын»: Семей тұрғыны алаяққа 12 млн теңге берген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында алаяққа алданған әйел 12 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға 37 жастағы әйел хабарласқан. Оның айтуынша, өзін әңгімеге тартқан белгісіз біреу Өскемендегі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан жұбайын мерзімінен бұрын босап шығуына көмектесе алатындығын жеткізді.

«Белгілі болғандай, алаяқ бұған дейін жәбірленушінің күйеуімен бір түрмеде отырған. Бостандыққа шыққан соң оңай олжаға кенелу үшін осындай қадамға барды. Алданып қалған әйел оның қолына 12 580 000 теңге ұстатқан. Алайда кейіннен жұбайы колониядан шығарылмағаннан кейін алаяқтың арбауына іліккенін түсінді», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар