Күйеуімен ұрсысқан әйел көпірден секірмек болды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл ауданында әйел көпірден секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 сәуір күні Есіл ауданында «Жақсы - Есіл - Бұзылық» тасжолының бойында болған.

Аумақты бақылап жүрген жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік батальонының қызметкерлері сағат 14:00 шамасында теміржол арқылы өтетін көпірдің шетінде тұрған келіншекті байқап қалады. Полиция сержанты Асылхан Абдуллин келіншектің жанына барып, одан мән-жайды сұрап білуге тырысқан.

«Көпірден секірмек болған әйелдің айтуынша, ол жолдасымен ұрысып қалған. Сол себепті, үйіне қайтып оралғысы келмеген. Біраз уақыт келіншекпен әңгімелескен Асылхан оны райынан қайтарып, аудандық ІІБ, кейін үйіне жеткізіп күйеуімен профилактикалық әңгіме өткізді», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, облыстық ІІД басшылығы жас келіншектің өміріне араша түскен полиция сержанты Асылхан Абдуллинді марапаттау туралы шешімге келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар