Күйеуімен сөзге келіп қалған павлодарлық келіншек терезеден секіріп кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер суицид оқиғасының себеп-салдарын анықтап жатыр, деп хабарлайды, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оқиға 22 наурыз күні түнгі сағат 02.30 шамасында Қаратаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ішімдікке мас болған 22 жастағы келіншек күйеуімен болған отбасылық кикілжіңнен кейін өзін-өзі өлтіру мақсатында екінші қабаттан секіріп кетті», - деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Терезеден секіріп, жарақат алған Павлодар қаласының тұрғынын жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді. Қазір тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар