Күйеуі мен қызын өлтірген әйел 19 жылға сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында азаматтық некедегі күйеуі мен кәмелеттік жасқа толмаған қызын өлтірген 30 жастағы әйел 19 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Есіл ауданы Қалмакөл ауылының тұрғыны М.Лялинаға қатысты сот отырысы өтті. Сотта анықталғандай М.Лялина 2017 жылдың 7 қарашасында өзінің азаматтық некедегі күйеуі М.Подстрешный, ауылдастары Д.Шәкеев және П.Варфоломеевпен қосылып арақ ішкен. Кейін ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып, әйелі күйеуін пышақтап өлтіреді. Артынша, қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйіне өрт қояды. Өрттен 2 жыл 8 айлық қызы көз жұмады.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты М.Лялина ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлімі 3,5,13 бөлімшелері бойынша айыпты деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар