Күйеуге шығуға келіспегені үшін тірідей өртеп жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның 18 жасар азаматшасы Сидра Шаукат күйеуге шығуға келісім бермегені үшін өмірімен қоштасты.

Тауы шағылған 22 жасар Файаз Аслам қыздың үстіне жанармай құйып, тірідей өртеп жіберген. Бұл туралы Newsweek Pakistan агенттігі хабарлады.

Көршілері денесін қатты күйік шалған қызды үйінен тауып алған. Алған жарақаттарынан Сидра ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Қазір күдікті ұсталды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Қаза болған қыздың ата-анасы бұл некеге қарсы болған екен. Беті қайтқан «күйеу жігіт» болса, бұл әрекеттің өздеріне ауыр қайғы әкелетінін ескерткен. Кейін ол үйде ешкім болмаған ұрымтал сәтті пайдаланып, өзінің «абыройын айрандай еткен» арудан кегін алған.

Соңғы жаңалықтар