USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Күйеубала қайын атасының атына 4 млн теңгеден аса несие рәсімдеген - Атырау

2021 жылғы 22 қараша 20:14
Бөлісіңіз:
Күйеубала қайын атасының атына 4 млн теңгеден аса несие рәсімдеген - Атырау

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық күйеубала қайын атасының атына 4 млн теңгеден аса несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Safari Mebel» компаниясы қала тұрғындарын 15 млн теңгеге алдап кеткен «ӨКМ Оператор» ЖШС басқарушы директорының мүрдесі табылды Алматыдағы дүкенді тонаған мародер Түркістанда ұсталды

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің

мәліметінше, қайын атасының атына бір жыл бойы несие рәсімдеген күйеубала ұсталған.

«Атырау қаласының 1956 жылғы тұрғыны банктерден «несие қарызын төлеу бойынша

келісімшарт талабын орындамадыңыз» деген қоңыраулар жиілегеніне күмәнданған.

Мәселенің мән-жайын анықтағанда 4 млн теңгеден астам несиесі бар екенін білген.

Алайда, бұл қаражатты өзі алмаған. Сол себептен полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері шағымданушының 34 жастағы күйеубаласын ұстады. Тергеу кезінде күдіктінің қайын атасының сеніміне кіріп, 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылғы қазан

айы аралығында түрлі банктер мен қаржы ұйымдарынан 55 мың теңгеден 2 млн теңге

көлемінде несие алып келгені анықталды. Күдіктінің алған несиесінің жалпы сомасы 4 млн 499 мың 542 теңгені құрады», -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Қазір аталған алаяқтық дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-

бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ерлі-зайыпты алаяқтар 150 млн теңгені қалтаға

басқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT