Кувейтте аптап ыстық: ауа температурасы 70 градусқа көтерілді

None
None
КАИР. ҚазАқпарат - Соңғы күндері Кувейттегі ауа температурасы Таяу Шығыс елдері үшін де рекордтық болды: көлеңкеде 53,3 градусқа жетсе, ал күннің астында 70 градусқа дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті Al Rai газетінің жазуынша, әмірліктегі бұл жаз соңғы 70 жылдағы ең ыстығына айналған.

Аптапқа байланысты Кувейттің бірнеше аймағының билігі эмират тұрғындарын электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ үйлер мен кеңселердегі ескі кондиционерлерді ауыстыруға шақырды, өйткені олар жергілікті қуатқа үлкен салмақ түсіріп отыр.


Соңғы жаңалықтар