Құтқарушылар «Жастар» театрындағы өртті ауыздықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Жастар» театрынан шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім еткендей, жалын сағат 18.18-де ауыздықталды.

«Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар оттың көп аумаққа таралуына жол бермеді. Шұғыл қызметтердің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ», - деді Р.Иманқұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін сағат 16.58-де Сарыарқа ауданында орналасқан «Жастар» театрында өрт шықты.

Үшқабатты театрдың шатыры жанды. Адамдардың эвакуациясы жүргізілген жоқ.

Тілсіз жаумен күреске 16 техника мен 60 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Құтқарушылар өртті ауыздықтау және оның одан әрі таралмауы үшін шұғыл шаралар жүргізді.

Айта кетейік, алдымен «Жастар» театрын қою түтін басқаны туралы хабар түскен. Алдымен оқиға орнына 40 адам мен 10 техника аттандырылды. Бірақ құтқарушылар ашық жалынды байқамаған. Мән-жәйды анықтау үшін ғимарт ішін шолуға кіріскен. Кейін театрдың шатыры жалындай бастаған.

 

Соңғы жаңалықтар