Құтқарушылар үйге шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары үйге шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында халықтың өз үйлерін безендіретіндігі белгілі. Алайда көпшілік шыршаны қалай қауіпсіз орнату керектігін білмейді. Бұл жөнінде ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Сембаев айтып берді.

«Шыршадан келетін қауіптердің бірі – оның құлау мүмкіндігі. Сондықтан үйге кішкентай шыршаны таңдаған жөн. Ол неғұрлым биік болса, оны бекіту соғұрлым қиынға түседі. Шыршаны жылыту құрылғыларынан, радиаторлар мен шамдардан алысқа орнату қажет. Оны тек арнайы жасалған электрлі гирляндалармен безендірген абзал. Балалар гирляндаларды өз бетінше қоспауы тиіс. Үйден кетіп бара жатқанда, шыршаны электр тоғынан ажырату керек», - деді ол.

Осы ретте, ТЖД мамандары арнайы эксперимент жүргізіп көрген. Олар өрттің қаншалықты тез таралатынын көрсету үшін жасанды шыршаны өртеді.

«Шырша 20 секундтың ішінде толық жанып кетеді екен. Бұған арнайы жүргізген эксперимент кезінде көз жеткіздік», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Марина Лискова.


Соңғы жаңалықтар