Құтқарушылар Түркістан облысында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуін тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының құтқарушылары Түркістан облысында жоғалып кеткен 7 адамның үшеуін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда»,-деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің атты патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» кәсіпорнының екі тікұшағы жұмылдырылды.


Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған болатын. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.

Осыған дейін Түркістан облысында 7 адамның жоғалып кеткендігі хабарланды.

Сондай-ақ іздеу жұмыстарына тікұшақтың жұмылдырылғандығы айтылды.


Соңғы жаңалықтар