Құтқарушылар тікұшақпен Қарағанды облысындағы өзен-көлдерді барлап қайтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары мен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы су тасқынына қарсы облыстық штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара барысында Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арнасы, Бұқар жырау және Абай аудандарындағы су қоймалары тікұшақпен барланып, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының Садовое кентіндегі ТЖД бөлімшелерінің дайындығы тексерілді.

Арналарды тексеру барысында мұз жамылғысы және сең кептелісінің жоқтығы анықталды. Су толығымен арналар арқылы ағып жатыр.

15 наурыздан бастап өңірдегі өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының 4 учаскесінде жарылыс жүргізілді. Сондай-ақ Осакаров, Абай және Нұра аудандарының аумақтарында жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

1 наурыздан бастап облыс аумағында азаматтық қорғау жүйесі жоғары дайындық режімінде жұмыс істейді.

Қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау күштері де дайын, барлығы 6,4 мың адам және 2,4 мың техника бар.

Сонымен қатар, барлық жерде үгіт-насихатты пайдалана отырып, су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Тұрғындар арасында 170-тен астам жиын және 130-ға жуық үгіт-насихат рейді өткізілді.

Соңғы жаңалықтар