Құтқарушылар Тайваньдағы үйінділерінің астынан тірі қалған тағы екі адамды алып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда қуатты жер сілкінісінің салдарынан құлаған үйінділерінің астынан тірі қалған тағы екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

Үйінділердің астында 50 сағаттан астам уақыт болған ер адам мен әйел аман қалды.

Зілзала салдарынан 36 адам құрбан болды. Құтқарушылар үйінділердің астында қалып отырған тағы 100 адамды шығаруға әрекеттеніп жатыр.

Соңғы жаңалықтар