Құтқарушылар Петропавлдағы сауда орталығынан 250 адамды эвакуациялады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы «City mall» сауда, ойын-сауық орталығынан 250 адам, оның ішінде 70 бала қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 15.43-те «101» қызметіне Петропавл қаласындағы «City mall» сауда орталығының үшінші қабатындағы «Chicken» дәмханасында электр желісінің қысқа тұйықталуы жөнінде хабар түскен.

Сауда орталығы адам көп шоғырланған нысан болғандықтан, өрт сөндірушілер шақыртудың жоғары деңгейі бойынша аттандырылды. Алғашқы машиналар 5 минуттің ішінде жетті. Өрт таралмағандықтан, сағат 15.51-де арнайы машиналар кері қайтарылды.
null

Мамандардың айтуынша, сауда орталығының электр желілерін тексеріп шығу үшін қызметкерлер мен келушілерді уақытша эвакуациялауға тура келді. «Ғимараттан 250 адам, соның ішінде 70 бала шығарылды», - делінген ақпаратта.

null

Соңғы жаңалықтар