Құтқарушылар Петропавлда із-түзсіз жоғалған ер адамды іздестіруде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Құтқарушылар Петропавлда 2 тамыздан 3-іне қараған түні жоғалып кеткен 29 жастағы ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл маңындағы Есіл өзенінде іздеу жұмыстары жалғасуда.

«Іздеуге құтқару тобының қызметкерлері, полиция бөлімі, жастар ресурстық орталығының еріктілері және техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары қалаға жақын Есіл өзенінің жағалауында, Жеңіс саябағынан Борки кентіне дейінгі жерде жүргізілуде», - делінген Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құтқарушылар іздестіру шараларын таңғы 8-де бастаған.

Соңғы жаңалықтар