Құтқарушылар Қапшағай жағалауынан жоғалып кеткен төрт баланы тапты

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні қапшағай су қоймасының жағалауында демалушылар санының көптігінен төрт бала жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалардың жоғалғаны тралы хабарлама Алматы облысы Төтенше жағдайлар депаратаментіне (ТЖД) 25 шілде күні сағат 15:00-ден кейін келіп түскен. Соңғысы кешке 19:00 шамасында жоғалған.

Оқиға адам көп жиналатын жерде Қапшағайдың оңтүстік және солтүстік жағалауында болған. Адасып кеткен балалар 5-10 жас шамасында.

Балаларды іздеуге олардың ата-аналарына көмекке Қапшағай өңірінің Жедел іздестіру жасағының құтқарушыларынан жасақталған топ пен Қапшағай қаласының ТЖ бөлімінің жедел тобы келді.

«Барлық бала аман-есен табылды. Олардың барлығы жағалауда болған. Кейбіреулерін ата-аналары тапса, кейбіреулерін құтқарушылар тапты. Балалардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпейді. Алматы облысының ТЖД қайғылы жағдайларға жол бермес үшін азаматтардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды», - деп атап өтті Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар