Құтқарушылар Балқашта жоғалып кеткен баланы іздеуді тоқтатты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Қарағанды облысының Балқаш ауданындағы Техснаб ауылында үйінің айналасында 2 қазан күні жоғалып кеткен 2 жасар баланы іздеуді тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баланы белсенді іздеу шаралары аяқталды. Енді құтқарушылар аймақты тек көзбен шолып жүр»,-деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Жанна Дәуренбекова.

Ведомство өкілдерінің деректерінше, баланы іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермеген. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері Балқаш көлінің айналасын шолып, жағалауды бақылап жүр.

Айта кетейік, қазан айының басында 2 жасар бала үйінің айналасынан сәл ұзап кетіп, көзден ғайып болған. Ішкі істер органында осы оқиғаға байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы штаб құрылды. Штаб құрамына өрт сөндіру, құтқару қызметінің өкілдері мен кинологтар және еріктілер тартылды.

Осыған дейін Құтқарушылар күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың аймақтағы құтқарушыларға  көлік кілтін табыстағандығын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар