Құтқарушылар алматылық альпинистерді іздеуге шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге ұшып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең «Казавиаспас» мекемесінің Ми-171 борты Алматы облысындағы Қарқара альпинистік лагерінен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Қырғызстанға ұшып шықты.

«Бортта Оңтүстік Інілшек базасына жеткізілетін үш әскери альпинист бар. Ары қарай олар жаяу шығады. Іздестіру жұмыстарына қырғызстандық альпинистер тобы да қосылады» , - деп хабарлады комитет өкілдері.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.


Соңғы жаңалықтар