Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын сындырып алған туристі құтқарды

None
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда аяғын сындырып алған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 маусым сағат 12:57-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне ер адамның Проходное шатқалында аяғын сындырып алғаны және оны тасымалдау қажеттігі туралы хабарлама түсті. Оған көмек көрсету үшін республикалық жедел-құтқару тобы жолға шыққан.

«Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аяғы шинаның көмегімен бекітілді. Кейін ол зембілге жатқызылып, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсыру үшін төменге түсірілді», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар тауда қауіпсіз демалу ережелерін еске салады.«Тік шөпті беткейлер мен шөгінді жерлерге көтерілуге болмайды, аяқтың астына мұқият қарау қажет. Жолды қысқартуға болмайды. Ыстық күні өзіңізбен міндетті түрде су, көзілдірік, бас киім және күннен қорғайтын жақпа май болуы керек», - деп атап өтті ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар