Құтқарушылар AirAsiа ұшағын қайта іздеуге кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар екі тәулік бұрын индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып, жоғалып кеткен ұшақты іздеу жұмыстарын қалпына келтірді. Бұл туралы Channel News Asia телеарнасынан хабарлады.

30 желтоқсанда іздеу жұмыстарының көлемі кеңейтіледі. Бұдан бөлек, ұшақты іздеу жұмыстары жағада да жүргізіледі. Ұшақты іздеу ауданы Белитунг аралы мен Калимантанның батыс бөлігінің арасында белгіленген.

Құтқару жұмыстарын Индонезия басқаруда. Іздеу тобының құрамына сондай-ақ Малайзия, Корея Республикасы және Сингапур елдерінің өкілдері кіреді. Жалпы алғанда іздеу шараларына 30 кеме мен қайық, сондай-ақ 15 ұшақ жұмылдырылған.

Айта кетейік, жексенбі күні AirAsia компаниясының әуе кемесі ұшып шыққаннан сәтінен шамамен 40 минуттан соң радарлар назарынан жоғалды, сол кезде оның Калимантан (Борнео) аралының ауданында ұшқаны шамаланады. Әуе компаниясының мәліметтерінше, ұшақтың ішінде 162 адам: 155 жолаушы (соның ішінде 17 бала), екі ұшқыш, бортинженер және төрт жолсерік болған. Жолаушылардың ішінде 155 адам - Индонезия тұрғындары, үш оңтүстіккореялық азамат, Ұлыбританияның бір тұрғыны, Малайзияның бір азаматы және Сингапур, Францияның бір-бір азаматтары (екіншісі ұшқыш) болған.

Соңғы жаңалықтар