Құтқарушылар AirAsia ұшағын іздеу ауданында ірі бөліктер мен мұнай дағын анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калимантан аралының орталық бөлігіндегі Пангкалан-Бута елді мекеніне жақын жерде теңіздегі AirAsia компаниясының ұшағын іздеу ауданында екі ірі бөлік пен мұнай дағы анықталды.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Индонезияның ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің басшысы Бамбанг Соэлистидің айтуынша, «заттар 30 метр тереңдікте жатыр». Қазіргі уақытта бұл орынға су түбіндегі жұмыстарды өткізу үшін арнайы жабдықталған кемелер баруда. Теңіз түбін зерттеуге арналған телебасқарылатын аппараттарды, содан кейін сүңгуірлерді жіберу шамаланып отыр. Алайда, агенттік басшысының нақтылауынша, теңіздегі қатты жел мен үлкен толқындар құтқарушылардың жұмысына кедергі болуда.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтар күні әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты 40 минуттан кейін жоғалтып алған. Әуе көлігінің ішінде 155 жолаушы, сондай-ақ экипаждың 7 мүшесі болған.

Соңғы жаңалықтар