Құтқару көкірекшесі баланы ажалдан алып қала алмайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Балаларды суда шомылу кезінде аман алып қалу амалдарымен және құтқару көкірекшесінің қаупі жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Черкасов баяндады.

Биыл республика бойынша 50 бала суға кеткен. 17 жылдық тәжірибесі бар солтүстікқазақстандық құтқарушы Сергей Черкасовтың айтуынша,  балаларды суда ата-ана қарауынсыз қалдыру - арты қайғыға әкеп жататын ең үлкен қателік. Салдарынан балалар суға ағып кетіп жатады. Ондай жағдайда баланы құтқару көкірекшесі де аман алып қала алмайды. Ол кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін.

Құтқарушылар ұдайы күзетіп жүретін қалалық жағажайлардың өзінде балалы адамдардың судан 10-15 метр қашықтықта жүргені абзал. Мұндай жағдайда баланың суға қарай жүгіріп бара жатқан сәтін бірден байқауға болады.

«Қатты қорыққаннан балалар көмек сұрап, белгі де бермейді. Көмекке шақырудың орнына суға батып кете береді», - дейді құтқарушы.

Черкасовтың айтуынша, қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі шомылуға тыйым салынған жерлерде болып жатады. Петропавлдағы Есіл өзені аумағының өзінде дәл осындай 34 орын бар.

Сондай-ақ, қауіп төндіруші аймаққа су иірімдерін жатқызуға болады. Түбі шұңқыр жерлердегі судың ағыны күшейіп, айнала бастайды. Жүзіп келе жатқан адам оны судың бетінен байқамайды. Тәжірибелі жүзгіштің өзі шұңқырға түскеннен кейін батып кетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар