Күтім балығы Қазақстанның қызыл кітабынан шығарылуы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күтім балығы Қазақстанның қызыл кітабынан шығарылуы мүмкін. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Әлия Шалабекованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен күтім балығы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген», -деді ол жауабында.

Оның атап өтуінше, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағына сәйкес жануарлар түрлерiн санаттарға жатқызу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында биологиялық негіздеме негізінде ведомствоаралық зоологиялық комиссияның ұсынымы бойынша жүргiзiледi.

«Өз кезегінде, 2022 жылдың басынан бері «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстардың жағдайын бағалау бойынша кешенді теңіз зерттеулерін жүргізу» бюджеттік бағдарламасы аясында Каспий теңізінде мамандырылған ғылыми ұйыммен тиісті ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Оның ішінде күтім балығын тізбеден шығару бойынша жұмыстар қарастырылған және зерттеулерді шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Ғылыми ұйым тиісті қорытынды ұсынған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында министрлік күтім балығын тізбеден шығару бойынша тиісті шешімдер қабылдайтын болады», - деді Әлия Шалабаева.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар