Құсмұрын кентінде ірі өрттен кейін электр қуаты қалпына келтіріліп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында Құсмұрын кенті электр стансасындағы ірі өртке байланысты уақытша жарықсыз қалды. Бұл фактіні облыстық ТЖД баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 желтоқсан күні сағат 6:09-да Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентіндегі шағын стансадан өрт шыққан.

«Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, оны сөндіре бастады. Жедел штаб құрылды. Трансформатор майы жанған. Өрт 70 шаршы метр аумақты қамтып, жақын орналасқан трансформаторларға қауіп келтірді. Оны сөндіруге айтарлық кұш пен құрылым қажет болды», - деді ТЖД-дан.

Оны сөндіруге 6 техника қатысты. Өрттің шығу себебі зерттеуден кейін белгілі болады, деді департаменттен.

«Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт 12:49-да ауыздықталды. Кентті жарықпен қамтамасыз ету үшін Қарасу және Наурызым аудандарындағы электр тарату желелілеріне қосылып, жартылай қалпына келтірілді. Жарықпен қамту жұмысы жалғасып жатыр», - деп түйіндеді ТЖД-дан.


Соңғы жаңалықтар