+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Күшті жел, жаяу бұрқасын, тұман – Сенбіге арналған ауа райы

2020 жылғы 7 наурыз 00:52
Бөлісіңіз:
Күшті жел, жаяу бұрқасын, тұман – Сенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні елімізде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Елімізде бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Елімізде жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«7 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасы ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өтіп жатқан циклон әсерінен еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр қар түрінде) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күшеюі, солтүстікте – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста – көктайғақ күтіледі», делінген ауа райы болжамында.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, жаяу бұрқасын соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде – шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT